Дәулетбаев Тобыл Еслямғалиұлы атындағы Х ашық өңірлік ғылыми-практикалық конференция

    2023 жылғы 10 наурызда Қостанай облысының педагогтары үшін Дәулетбаев Тобыл Еслямғалиұлы атындағы Х ашық өңірлік ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

    Конференция мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін анықтау, жалпылау және тарату, қазіргі білім берудің өзекті мәселелерін шешу жолдарын анықтау мақсатында өткізіледі.

    Өтетін орны: «Қостанай қаласының білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ (Қостанай қ. Абай даңғылы, 17).

    Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің атына 2023 жылдың 28 ақпан айына дейін өтінім мен тезистерді (fmlkost@yandex.kz «педагогтерге арналған конференция» тақырыбы бойынша ) ұсыну қажет.

     

    ПОЛОЖЕНИЕ