Ауылдық жерлердегі мектептерге арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасына қатысушылар мен мұғалімдерді тіркеу туралы ақпарат

    Ауылдық жерлердегі мектептерге арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы төртінші жыл қатарынан өткізіледі. Бұл ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін қолдауға бағытталған ұлттық ауқымдағы жоба.

    Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 6 сынып оқушылары «Мың бала» олимпиадасына қатысуға шақырылады. 

    Олимпиадаға қатысу үшін оқушылар 2023 жылғы 01-30 наурыз аралығында https://1000bala.elumiti.kz. сайтына тіркелуі керек.

    Осы олимпиаданы өткізу сәтінде ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары болып табылатын өткен жылғы жеңімпаздар олимпиаданың ІІ кезеңіне тіркеусіз жіберіледі.

    Осы жылы олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін көрсетілген сайтта 2023 жылғы 01-28 ақпан аралығында өткізілетін осы қатысушылардың мұғалімдерін (пәндері төменде көрсетілген) тіркеу қажет екендігіне назар аударамыз.

    Оқушылардың келесі пәндер бойынша академиялық білімін бағалауды қамтитын іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі:

    1. «Математикалық сауаттылық»;
    2. «Қазақ тілі», қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін;
    3. «Орыс тілі», орыс тілінде оқитын оқушылар үшін;
    4. «Ағылшын тілі»;
    5. «Жаратылыстану».

    Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең 2023 жылғы 03-07 сәуір аралығында https://1000bala.elumiti.kz. сайтында онлайн режимінде жоспарланған.

    1 кезеңнің нәтижелері бойынша 5000 жеңімпаз 2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында «Ustudy» өңірлік тестілеу орталықтарының аумағында күндізгі форматта өткізілетін екінші кезеңге жіберіледі.

    Оқушылар тапсырма үлгілерімен https://1000bala.elbasyacademy.kz/for-members. сайтынан таныса алады.