«Жазғы демалысқа арналған үздік идеялар» атты облыстық конкурсы

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «Жазғы демалыстың үздік идеялары» атты облыстық конкурсын өткізеді.

    Конкурстың мақсаты: қазіргі заманғы балалардың әртүрлі жастағы мүдделеріне, сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін балалардың демалыс жүйесін жетілдіруге және дамытуға бағытталған балалар демалысын және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласындағы неғұрлым тиімді бағдарламаларды анықтау және кейіннен практикаға енгізу, каникул кезеңінде баланың жеке басын дамыту үшін жағдайлар жасау.

    Конкурсты өткізу күні: 2021 жылғы 21-30 маусым.

    Конкурс қатысушылары талаптарға сәйкес орындалған, өз жұмыстарын ұсынған Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларіның, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінің 7-10 сынып мұғалімдері (бағдарламалар) және оқушылары (мұғалімдер бағдарламасынан бір іс-шараның сценарийі) бола алады.

    Конкурс сырттай, бір турда өткізіледі.

    Өтінім және конкурстық жұмыстарды конкурс Ережесіне сәйкес 2021 жылдың 18 маусымынан кешіктірмей мына ergalieva@kostdaryn.kz e-mail поштаға жіберу қажет.

    Анықтама телефоны: 8(7142) 391231.

    Положение