«Ұстаз-ұлы есім» мақалалар жинағы
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы «Ұстаз - ұлы есім» жинақтар сериясын шығаруды жалғастыруда. Білім беру жүйесін дамытуға баға жетпес үлес қосқан, олимпиада жеңімпаздарын, түрлі жарыстар мен конкурстардың жеңімпаздарын, Отанымыздың патриоттарын тәрбиелеген Қостанай облысының көрнекті педагогтары туралы жазылған мақалалар қабылданады. Мақалалар тегін орналастырылады.
Материалдарды жариялау үшін 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін «Ұстаз - ұлы есім» жинағына мақала» белгісімен zhakibaeva@kostdaryn.kz. e-mail-на жіберу қажет.