2009-2010 оқу жылындағы оқушылардың жалпыбілім пәндерінен ғылыми жарыстарының қорытындылары

Оқушылардың зерттеу қызметімен айналысатын мұғалімдер мен әдіскерлердің кәсіби құзырлығы мен әдіскерлік шеберлігін жетілдіру, ғылыми жобалардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптармен таныстыру, ғылыми жобалардың жетекшілеріне презентация мен қорғау мәселелері жөнінде кеңес беру мақсатында 2009 жылғы 29 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты іргесінде оқушылардың зертттеу қызметімен айналысатын ғылыми жобалардың жетекші-мұғалімдері мен оқушылардың зерттеу қызметімен айналысатын аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлерінеарналған облыстық семинар-практикумы өтті. Барлығы 142 адам қатысты. Оқушыларды ғылыми жарыстарға сапалы дайындау мақсатында ғылыми жарыстарға қатысушылардың облыстық оқу-жаттығу жиыны өтіп, оған 117 адам қатысты.

Республикалық жалпыбілім пәндерінен ғылыми жарыстар Бүкілдүниежүзілік ғылым және техника көрмесі талаптары бойынша келесі бағыттар бойынша өткізілді:

- ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің басты құрамдас бөлігі; 

- экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық құрастыру; 

- таза табиғат ортасы - «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асыру негізі; 

- Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ туристік сапарлар. 

Әр жоба төмендегідей сатылар бойынша бағаланады: 

- шығармашылық қабілеті; 

- ғылыми ойлай білуі; 

- қолданылған зерттеу әдістерінің әсерлігі; 

- тақырыпты ашу деңгейі, егжей-текжейлігі; 

- шешендік шеберлігі, көрсету материалдарының сапалығы, нақтылығы; 

- команда мүшелерін үйлестіру деңгейі. 

Биылғы оқу жылында оқушылардың ғылыми жарыстарына қатысу үшін 329 ғылыми жоба сұранысқа түсті. 2009 жылдың 16 қазанынан 01 желтоқсанына дейін Қостанай қаласының жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары оқушылардың ғылыми жобаларына пікір берді. Ұсынылған 231 жобаның ішінен 174 жоба – 75,3% пікір беруден өтті. Былтырғы оқу жылында ұсынылған 223 жобаның ішінен 165-і – 74% пікір беруден өткен еді.

Жұмыстарды облыстық жарыстарға өткізбеудің негізгі себебі – олардың мазмұны мен безендірілу сапасының төмендігі.

Пікір беру жұмысына Алтынсарин ауданы білім бөлімі бір жоба ұсынды, Амангелді ауданынан 4–ден 4 жоба ұсынылды, бұл 100 % құрайды, Әулиекөл ауданы – 13 жобадан 10 жоба (77%), Денисов ауданы 3-ден -1 (33%), Жангелдин ауданы 9-дан – 2 (22%), Жітіқара ауданы 15-тен -14 (93%), Қамысты ауданы жалғыз жұмыс ұсынды, Қарабалық ауданы 18-ден – 5 (28%), Қарасу ауданы 8-ден – 7 (88%), Қостанай ауданы 14-тен – 13 (93%), Меңдіқара ауданы 10-нан – 7 (70%), Сарыкөл ауданы 4-тен – 3 (75%), Таран ауданы 3-тен – 3 (100%),Ұзынкөл ауданы 5-ден – 4 (80%), Федоров ауданы 9-дан – 8 (89%), Арқалық қаласы 6-дан – 6 (100%), Қостанай қаласы 32-ден – 26 (82%), Лисаков қаласы 35-тен – 32 (91%), Рудный қаласы 64-тен – 31 (48%). «Озат» дарынды балаларға арналған мамандандарылған мектеп-интернаты тіркелген 29 жобадан пікір беруге 26 жоба ұсынды (90%), дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты 24 жобадан 13 жоба ұсынды (54%), ), дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты 21-ден -14 жоба (67%) ұсынды.

Пікір беру қорытындысы бойынша оқушылардың жалпыбілім пәндерінен Республикалық жарыстарының ІІ (облыстық) кезеңіне Алтынсарин, Денисов, Жангелдин, Қамысты, Таран аудандарынан 1 жобадан, Қарабалық, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарынан 2 жобадан, Амангелді, Қарасу аудандарынан 3 жобадан, Арқалық қаласынан 4 жоба, Меңдіқара ауданынан 5 жоба, Федоров ауданынан 6 жоба, Әулиекөл, Қостанай аудандары, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатынан 6 жобадан және 11 жоба дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатынан, 14 жоба Жітіқара ауданынан, Лисаков қаласы мен «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан 20 жобадан, Қостанай және Рудный қалаларынан 25 жоба өтті.

Наурзым ауданы әкімдігінің білім бөлімі сұранысқа түскен жобаны ұсынған жоқ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 11 қарашадағы №513 бұйрығына және Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №765 бұйрығы негізінде, оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметке ынталандыру, талантты, дарынды балаларды қолдау мақсатында 2009 жылдың 25-29 желтоқсанында Қостанай қаласындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты іргесінде «Қазақстан-2030» стратегиясы аясында Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуы» атты тақырып бойынша оқушылардың республикалық жалпыбілім пәндерінен ғылыми жарыстардың ІІ (облыстық) және ІІІ (тестілеу) кезеңдері өтті.

          Жарыстардың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметке ынталандыру;

- экономика, ғарыш туралы ғылым, басқару салаларындағы оқушылардың ғылыми ізденістерінің негізгі бағыттарын, деңгейін және дамыту тенденциясын айқындау;

- ең талантты және дарынды деген жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау;

- Қазақстан Республикасының интеллектуалды күшін қалыптастыруға ат салысу.

Ғылыми жарыстар «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асыруда республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының үлгілері» тақырыбында, мына бағыттар бойынша өтті: ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі тірегі ретінде; экономикалық және әлеуметтік үдерістердің математикалық құрылымы; таза табиғи орта – «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі; Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақтағы туристік жол бағыттары. 13 секция жұмыс істеді.

«Математика және экономика» секциясында 15 ғылыми жоба қаралды: 12 жоба – математикадан, 3 – экономикадан. Көптеген жұмыстарда жаңа өзгерістер байқалған жоқ. Қазылар алқасы өз бетінше зерттелген жұмыстарға жақсы баға берді. Жаңа есептер ұсынған Қостанай қаласы оқушысының жобасы бірінші орынға ие болды. Қазылар алқасы жас зерттеушілерге жұмыстарының соңғы бөлімінде қорытындылаумен қоса товар өндірушілерге ұсыныс-кеңестер беру керектігін айтты.

«Физика. Техника. Жер және ғарыш туралы ғылымдар» секциясында 14 ғылыми жоба қаралды: 10 жоба – физикадан, 3 - Жер және ғарыш туралы ғылымдар бойынша, 1 – техникадан. Қазақ-түрік лицей-интернатының командалық жобасы рефераттық түрде орындалған. Қазылар алқасы Жер және ғарыш туралы ғылымдар секциясына қатысқан оқушылардың жұмысына жақсы баға берді. Техникадан ұсынылған жалғыз жобаның тәжірибелік бөлімі болған жоқ, сонымен қатар автордың шешендік, сөйлеу қабілеттері төмен болғандықтан, бұл секцияда жүлделі орын берілген жоқ.

 «Информатика» секциясына оқушылардың 10 ғылыми жобасы ұсынылды. Қазылар алқасы Қостанай қаласы, Қостанай ауданы, «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интеранаты оқушылары ұсынған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өтті. Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарының оқушылар жобаларының деңгейі төмен болды.

 «Химия» секциясына ұсынылған жұмыстардың көбісі қоршаған ортаның химиялық көрсеткіштері және олардың әр түрлі факторлар ықпалы арқылы дамуы туралы тақырып бойынша зерттеулер жасаған. Секцияға қатысқан 13 жоба қазіргі уақытта өзекті және олардың практикалық бағыты бар. Бірінші орынды дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты оқушыларының жобасы иеленді. Бұл жұмыста теориялық негіздемемен қоса, практикалық бөлімі және тәжірибе нәтижесін статистикалық өңдеу де көрсетілген. Жоба авторлары зерттеу саласынан хабардар, таңдалған тақырыптың мәселелерін жақсы түсінеді.

           «Биология» секциясында 9 ғылыми жоба қаралды. Жобаларда зерттелген мәселелер өзекті болып табылады. Барлығында дерлік сызбалар, диаграммалар, слайдтармен толықтырылған тәжірибелік зерттеулер бар. Жарысқа қатысушылар тақырыпты жақсы біледі, шешендік қабілеттері бар, терминологияны еркін қолданады. Командалық жобаларды қорғауда команда мүшелрінің міндеттері дұрыс бөлінген.

12 ғылыми жоба «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясына ұсынылды. Көптеген жұмыстардың кемшілігі - жобаның тәжірибелік бөліміне уақыт аз бөлінген. Жобалардың мақсат-міндеттері мен қорытындысы сәйкес келмейді. Әулиекөл, Жітіқара, Федоров аудандары, Қостанай, Лисаков, Рудный қалалары, дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты, қазақ-түрік лицей-интернатының 11 сынып оқушыларының көптеген жұмыстары рефератты түрде жазылған. Жұмыстардың қайсы бірі дұрыс толтырылмаған, толтыруға қойылған талаптар орындалмаған.

          «Тарих» секциясына 19 ғылыми жоба қатысты. Бірнеше жұмыс өлкетану саласына жақынырақ болды. Жобаны толтыруда грамматикалық, стилистикалық, дөрекі қателер жіберілген. Жобаларда қолданылған архивтік деректер презентацияларда ғана көрсетіліп, тізімдерде, мазмұнында көрсетілмеген.

           «Этномәдениеттану» секциясына қатысқан 11 ғылыми жоба қойылған талаптарға сай келді. Тақырыбы «Қазақ әдебиеті» секциясына жататын жобалар болды. Қазылар алқасы Амангелді ауданы мен Рудный қаласы оқушыларының жұмыстарын ерекше атап өтті. Аталған жұмыстар мазмұнының тереңдігі және зерттеу бағытымен ерекшеленді.

«Өлкетану» секциясына 17 жоба ұсынылды. Олардың кейбіреуі әңгімелеу түрінде жазылған, ғылыми-анықтама аппараты жоқ, мәселе алға шығарылмаған. Қазылар алқасы кейбір жұмыс жосарының дұрыс жасалмағанын, мақсаты анық қойылмағанын байқады.

           «Қазақ әдебиеті» секциясына 7 жоба, «Орыс әдебиеті» секциясына 15 жоба қатысты. Бұл жобалар жоғары деңгейімен ерекшеленді. Қайсы бір жобалар социологиялық, культурологиялық бағытта жазылған. Бір қатар жобалардың кемшілігі – теориялық бөлімінің аз талдануы, қорытындылаудың анық көрсетілмегені, библиографияның толық жазылмағаны.

           «Қазақ тілі» секциясында 6 жоба, «Орыс тілі» секциясында – 14 жоба қорғалды. Жүлдегерлер жобалары өзектілігімен, жаңашылдығымен ерекшеленді. Қойылған талаптарға дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты оқушысының жобасы сәйкес келмеді. Әулиекөл ауданы Съянов атындағы Новонежин орта мектебі, Қостанай қ. №23 орта мектебі оқушыларының жұмыстарының сапасы төмен деп бағаланды

           «Шетел тілдері» секциясына 11 ғылыми жоба қатысты. Оның 2-і -ағылшын тілінде, ал қалғандары – орыс тілінде. Оқушылар зерттеу деректерін білетіндерін көрсетті, қойылған сұрақтарға дәлелді жауаптар берді. Жобаларды қорғау барысында көрсету құралдары қолданылды.

Облыстық ғылыми жарыстың жүлдегерлері болып 108 оқушы-автордың 90 ғылыми жобасы аталды. Оның ішіндегі 25 жоба мемлекеттік тілде, 18 жоба командалық болды. Ең көп жүлделі орынға ие болған (13) Қостанай қаласының командасы, оның ішінде 3-бірінші орын, 4-екінші және 6-үшінші орын болды. Рудный қаласының оқушыларының 12 жобасы жүлделі орынға ие болды: 2- бірінші орын, 6-екінші, 4-үшінші орындар; Жітіқара қаласы: 1-бірінші, 3-екінші,4-үшінші; Лисаков қаласы: 3-екінші және 5-үшінші орындар. Арқалық қаласының оқушылары 3 жүлделі орынға ие болды: 2-бірінші, 1- екінші орындар.

          «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары 11жүлделі орынға ие болды: 1 бірінші орын, 4 екінші орын және 6 үшінші орын; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары - 9 жүлделі орын алды: 2 бірінші орын, 1 екінші, 6 үшінші орын; дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары 5 жүлделі орынды иеленді: 1 бірінші орын, 1 екінші, 3 үшінші.

            Ауыл мектептерінің қатысушыларынан жүлделі орындарға ие болған Алтынсарин (1 жүлделі орын), Амангелді (3), Әулиекөл (2), Жангелдин (1), Қамысты (1), Қарасу (2), Қостанай (5), Меңдіқара (1), Сарыкөл (1), Федоров (4) аудандарының оқушылары.

Денисов, Қарабалық, Ұзынкөл, Таран аудандары оқушыларының ғылыми жобалары бірде бір жүлделі орын алған жоқ, себебі жас зерттеушілер шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейін, ғылыми ойлауды, тақырыпты ашу дәрежесін, қолданылған танымдық әдістерінің әсерлігін көрсете алмады. Шешендік шеберлігі мен көрсетілген деректердің сапасы жеткіліксіз болды.

2009 жылдың 26 желтоқсанында Республикалық ғылыми жарыстың III кезеңінің I туры өтті (жетекші пән бойынша тестілеу). 108 тестіленген оқушылардың ішінен (1-і қатысқан жоқ) 55 ғылыми жобаның 71 оқушы-авторлары, ол (66,3 %) құрайды, жетекші пән бойынша жалпы балл санының 50 % -нан жоғары балл жинады. Ең көп ұпай санын дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы Абдуқадыров Нұрлан (математика) жинады. Тестілеу барысында оқушыларға күрделілігі жоғарғы деңгейдегі сұрақтарға жауап беру қиындықтар туғызды, себебі олар «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы шығарған жалпы білім беретін пәндерден Республикалық оқушылар жарысы бойынша тестік тапсырмалар жинағы бойынша дайындалмаған.

ІІІ кезеңнің II турына (жобаның алдын ала сараптамасы) барлығы 120 балл ішінен 60 балдан жоғары алған 71 оқушының 55 жобасы жіберілді: 8 жобадан –Қостанай қаласы, Рудный қаласы, «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, 5 жобадан – Жітіқара ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, 4 жоба – Қостанай ауданы, 3 жоба – Лисаков қаласы, 2 жобадан – Арқалық қаласы мен Федоров ауданы, 1 жобадан – Амангелді, Әулиекөл, Қарасу, Меңдіқара, Сарыкөл аудандары.

Сараптау жұмысының қорытындысы бойынша оқушылардың жалпыбілім пәндерінен Республикалық жарыстарының ІV кезеңіне 21 оқушы (17 ғылыми жоба) жіберілді: Қостанай қаласынан – 5, Рудный қаласынан – 3, Арқалық қаласынан – 2, Жітіқара ауданынан – 2, Федоров ауданынан – 1 оқушы. Сонымен қатар бұл кезеңге дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары да қатысты: дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатынан 1 оқушы, дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатынан 5 оқушы, «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан 2 оқушы.

«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы мен Оңтүстік Орал мемлекеттік Университетінің (Ресей федерациясы, Челябі қ.) тығыз қарым-қатынасы нәтижесінде «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары 2010 жылдың 28-29 сәуірінде «ХХІ ғасырдың зияткерлері» атты жас зерттеушілердің VІ аймақаралық конференциясына қатысты. Төрт ғылыми жоба (5 автор) жүлделі орындарға ие болды.

 

 

 

Оқушының тегі, аты

секция

Жобаның тақырыбы

сынып

орын

1

Есмағамбетова Айгүл

Этномәдениеттану

"саукеле"лексемасының этимологиялық және әлеуметтік- лингвистикалық құбылыстары

10

1

2

Ырғыбаева Гүлсана

Зоология

Өрмекші тәріздестер (Arachnida) Қарасу ауданы, Қарасу ауылы

10

2

3

Бурлака Дмитрий, Шайманов Жанібек

Өндірістегі жаңа технологиялар

Жолдардың шұңқырын жөндеу

11

2

4

Махмутова Айжан

Орыс тілі

«Квас» және «қымыз» лексемаларын зерттеудегі мәдениеттану құбылысы

9

3

  Жоғарыда аталғандар негізінде, аудандық және қалалық әкімдіктері білім бөлімдерінің бастықтары:

1) оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастырудың әсерлі жүйесін жасасын;

2) дарынды оқушылардың ғылыми жарыстарға дайындық сапасын көтерсін;

3) оқушылардың ғылыми жобаларының ғылыми-педагогикалық қолдау сапасын жетілдірсін.

Қараулар: 739