ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ

    Химия пәні бойынша жасөспірімдер олимпиадасының

    БАСПАСӨЗ – релизі

     

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 12 ақпанда 7-8 сынып оқушылары арасында химия пәнінен жасөспірімдер олимпиадасын өткізеді.

     

    Олимпиаданың мақсаты химия пәні бойынша Қостанай облысының Олимпиадалық резервін дайындау жүйесін жетілдіру болып табылады.

               Олимпиада міндеттері:

    • «Химия»  пәніне оқушылардың қызығушылығын ынталандыру;
    • ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық пен шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту;
    • дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылар арасында ғылыми білімді насихаттау және тарату.

    Олимпиадаға Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған  мектептерінің  7-8 сынып оқушылары қатысады.

    Олимпиада қатысушысының қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

    Олимпиада «Қостанай дарыны» ӨҒПО хатында көрсетілген мерзім бойынша аудандық білім бөлімдерінің өтінімдеріне сәйкес бір турда өткізіледі.

           Байланыс телефоны: 8 (7142) 39-12-04