ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ

    География пәні бойынша жасөспірімдер олимпиадасының БАСПАСӨЗ – релизі

     

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми - практикалық орталығы 2020 жылғы 31 қаңтарда 6-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен жасөспірімдер олимпиадасын өткізеді.

     

    Олимпиаданың мақсаты география бойынша Қостанай облысының Олимпиадалық резервін дайындау жүйесін жетілдіру болып табылады.

               Олимпиада міндеттері:

    • «География»  пәніне оқушылардың қызығушылығын ынталандыру;
    • ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық пен шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту;
    • дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылар арасында ғылыми білімді насихаттау және тарату.

    Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің  6-8 сынып оқушылары қатысады.

    Олимпиада қатысушының қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

    Олимпиада «Қостанай дарыны» ӨҒПО хатында көрсетілген мерзім бойынша аудандық білім бөлімдерінің өтінімдеріне сәйкес бір турда өткізіледі.

           Байланыс телефоны: 8 (7142) 39-12-04