Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ұлы мұра» облыстық марафонының
- XIX ғасырдың көрнекті ағартушысы, этнограф, ақын, прозашы, аудармашының қызметтерін зерттеуге өскелең ұрпақтың ынтасын арттыру;
- балалар мен жасөспірімдер арасында ғылыми білім мен зияткерлік-шығармашылық жұмыстарды дәріптеу;
- оқырмандардың ой-өрісін кеңейту ;
- шығармашыл, дарынды оқушыларды анықтапу және қолдау.
«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 27 қаңтар мен 18 наурыз аралығында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ұлы мұра» облыстық марафонын (бұдан әрі-марафон) өткізеді.
Марафонға Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары қатыса алады.
Марафонның негізгі мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеуге қызығушылықтарын дамыту, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру болып табылады.
Марафонның міндеттері:
Марафон қатысушылардың қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде бес бағыт бойынша өткізіледі.
Іс-шараны өткізу мерзімі |
Іс-шараның атауы |
2021 ж. 27қаңтар |
Ы.Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқу Қатысу үшін өтінімдер 2021 жылдың 20 қаңтарына дейін қабылданадыe-mail: zaitinova@kostdaryn.kz |
2021 ж. 18-19 ақпан |
Ы. Алтынсариннің шығармашылығы бойынша қашықтық олимпиада. Қашықтық олимпиада бір турдан тұратын online режимде өткізіледі Қашықтық олимпиаданы өткізу туралы ақпараттық хат және нұсқаулық Қостанай облысының өңірлеріне қосымша жіберілетін болады. |
2021 ж. 22-27 ақпан |
«Ыбырай-туған жердің азаматы, гуманист және демократ» эссе байқауы Қатысу үшін жұмыстар мен өтінімдер 2021 жылдың 15 ақпанына дейін келесі e-mail бойынша қабылданады: zaitinova@kostdaryn.kz |
2021 ж. 11 наурыз |
Ыбырай Алтынсариннің мұрасын қазіргі замаңда қолдану «Жобалар байқауы» Қатысуға өтінімдер мен тезистер 2021 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады e-mail: pavperova@kostdaryn.kz |
2021 ж. 15-18 наурыз |
Ы. Алтынсаринге арналған «Қалам үлгісі» авторлық шығармалар конкурсы Қатысуға өтінімдер және қатысушылардың жұмыстары 2021 жылдың 5 наурызына дейін e-mail арқылы қабылданады: zaitinova@kostdaryn.kz |
Байланыс телефоны: 8 (7142) 39-12-04