«Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсы

    Облыстың білім беру мектептері арасында оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастырудың үздік тәжірибесін анықтау, оқушылардың зерттеушілік мінез-құлқы мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту, білімді кеңейту және интегралдау, оқушыларды белсенді оқу-зерттеу қызметіне тарту, сондай-ақ зерттеу қызметін жүргізу білігін дамыту, өз еңбегінің нәтижелерін әртүрлі деңгейдегі конференцияларда, олимпиадаларда ұсыну білігін дамыту және дарынды балаларды қолдауға бағытталған әлеуметтік әріптестікті кеңейту мақсатында, «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 30 мамыр – 3 маусым аралығында «Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс)  сырттай (іріктеу) туры өткізіледі.

    Конкурсқа Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептері, лицейлер, гимназиялар, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер қатысады.

    Конкурс қатысушылардың қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

    Конкурс 2 турдан тұрады:

    1-тур – сырттай – 2022 жылғы 30 мамыр – 03 маусым.

    2-тур – күндізгі – 2022 жылғы қыркүйек.

    Сырттай тур Аудандық білім бөлімдерінің өтінімдеріне сәйкес «Қостанай дарыны» ӨҒПО хатында көрсетілген мерзімде өтеді.

    Байланыс телефоны: 8 (7142) 39-12-04