РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

    Робототехника бойынша облыстық олимпиаданың

    БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 21 ақпанда 9-11 сынып оқушылары арасында робототехника бойынша облыстық олимпиада өткізеді.  

       Олимпиаданың мақсаты:        

    • негізгі жалпы және орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгерген және шығармашылық қабілеті мен ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығы бар оқушыларды анықтау және дамыту;
    • дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау;
    • жастар арасында ғылыми білімді насихаттау және тарату;
    • тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде жастардың кәсіби бағдарлануы.

    Олимпиадаға Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысады.

    Олимпиада қатысушының қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

    Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

    I кезең – іріктеу, 2020 жылдың 10 ақпанына дейін сырттай өткізіледі (ЭССЕ жазу);

    II кезең –  қорытынды, күндізгі бөлімде 2020 жылдың 21 ақпанында өткізіледі.

    Байланыс телефоны: 8 (7142) 39-12-31