«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

            ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың  9-12 қараша аралығында Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) өткізеді.

              Конкурстың негізгі мақсаты - элективті курстардың, арнайы курстар мен таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік педагогтардың озық тәжірибесін анықтау және тарату.

              Конкурсқа білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары қатыса алады.

              Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.

               Конкурс жеңімпаздарының авторлық бағдарламалары жарияланады және дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу практикасына енгізіледі.

               Байланыс телефоны: 39-12-04