Облыстық Махамбет оқуларының БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    Махамбет Өтемісұлының мұрасын зерделеуге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы облыстық Махамбет оқуларын өткізеді.

    Оқулар өскелең ұрпақтың қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларына деген қызығушылығын арттыруға, Махамбеттің рухани мұрасын зерделеуді насихаттауға, жастардың оқу мәдениетін, әдеби талғамын, демократия мен азаматтыққа бағытталған өзін-өзі тануы мен дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Облыстық оқуларға Қостанай облысы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысады.

    Махамбет оқуларында оқушылар Махамбет Өтемісовтың ғана емес, сонымен бірге Төлеген Айбергенов, Фариза Оңғарсынованың да шығармалары бойынша сайысқа түседі.

    Облыстық оқулардың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

    Өткізу орны: Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 1.

    Өткізу күні мен уақыты: 2020 жылғы 17 қыркүйек.

    Байланыс телефоны: Зайтинова Гульнар Елемесовна, тел.: 8 (7142) 39-12-31, 8-775-442-84-83.