«ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІі» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ КОНКУРСЫ

         Microsoft Paint (графикалық редактор) бағдарламасының көмегімен

     «Жыл мезгілдері» атты  облыстық сырттай конкурсын өткізу туралы

    ЕРЕЖЕ

     

    1.Жалпы ереже:

    1.1. Осы ереже Microsoft Paint бағдарламасының (графикалық редактор) көмегімен «Жыл мезгілдері» облыстық сырттай конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібін реттейді.

    1.2.Конкурстың ұйымдастырушылары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО болып табылады.

    1.3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

    1.4. Ұйымдастыру комитеті конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады.

    1.5. Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық материалдарды қарайды,оларды бағалайды және конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

    1.6. Конкурс туралы ақпарат «Қостанай дарыны» ӨҒПО http://www.kostdaryn.kz/ru/.

     ресми сайтында жарияланады.

    2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

    2.1. Конкурстың негізгі мақсаты: оқушылардың жеке және шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау.

    2.2. Конкурстың міндеттері:

    • ақпараттық және компьютерлік технологиялар саласындағы шығармашылық белсенділікті ынталандыру;

    • қатысушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі;

    • өзіндік шығармашылық қызметке қызығушылықтарын арттыру.

     

    3. Конкурсты өткізу тәртібі:

    3.1.Конкурс 2,3,4 сынып оқушылары үшін төрт кезеңде өткізіледі:

         1 кезең - қаңтар (қыс, қысқа байланысты суреттер) - жұмыстарды қабылдау 30 қаңтарға дейін, 20 ақпанға дейін аралық қорытындыны шығару;

         2 кезең – наурыз (көктем, көктемге байланысты суреттер) – жұмыстарды қабылдау 03 сәуірге дейін, 23 сәуірге дейін аралық қорытындыны шығару;

         3 кезең - маусым (жаз, жазға байланысты суреттер) - 20 қыркүйекке дейін жұмыстарды қабылдау, 20 қазанға дейін аралық қорытындыны шығару;

         4 кезең - қазан (күз, күзге байланысты суреттер) - 20 қарашаға дейін жұмыстарды қабылдау, желтоқсан айының соңына дейін барлық төрт кезең жеңімпаздары арасында «Жыл мезгілдері» облыстық сырттай конкурсының қорытындысын шығару.

       

    4. Конкурсқа қатысушылар:

    4.1. Конкурсқа жалпы орта білім беру ұйымдарының 2-4 сынып оқушылары қатысады.

     

    5. Жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

     5.1. Жұмыс мазмұнының конкурс тақырыбына сәйкестігі.

    5.2.  Ойлау ерекшелігі, орындау эстетикасы..

    5.3.  Суреттер Microsoft Paint бағдарламасы арқылы орындалуы керек.

    5.4.  Суреттерді қатысушы өз бетінше орындауы тиіс.

    5.5. Жұмыс бұрын жарияланбаған болу керек, автордың сайтында (ресурсында), әлеуметтік желілерде, форумдарда, файлайырбастауларда болмауы керек.

    5.6. Анонимді шығармалар, лақап аты бар шығармалар (оқушы мен мұғалімнің нақты деректерін көрсетпестен) конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

     

    6. Конкурсқа қатысуға өтінімді рәсімдеу тәртібі:                   

    6.1. Өтінімді толтыру (1 қосымша).

    6.2. Жұмысты jpg форматында жіберу.

     

    7. Конкурс қорытындысын шығару:

    7.1. Аралық қорытынды бойынша конкурсқа қатысқан оқушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталады және грамоталармен марапатталады.  

    7.2.Конкурстың 4 кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы «жыл мезгілдері» сырттай конкурсының жеңімпаздарын анықтайды. Ең басты шарт, оқушылар барлық 4 кезеңге қатысуы тиіс (4 кезеңнің жеңімпаздары болуы тиіс).

    7.3. Конкурс жеңімпаздары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

    7.4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер туралы ақпарат «Қостанай дарыны»  өңірлік ғылыми-практикалық орталығының www.kostdaryn.kz  сайтында орналастырылады.

                                                                                                                                 

                                                                                                                          1 қосымша

    Өтінім формасы

     

    аудан

    мектеп

    сынып

    оқушының Т.А.Ә.

    мұғалімнің Т.А.Ә.

    байланыс деректері

    (қалааралық коды бар телефон, ұялы телефон, электрондық мекенжайы)

     
     

     

     

     

     

     

     

     

     

     (Сертификаттарда Т.А.Ә. жіберілген өтінімге сәйкес толтырылады).