MicrosoftPaint (графикалық редактор) бағдарламасының көмегімен «Жыл мезгілдері» облыстық сырттай конкурсы туралы

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 10-30 қаңтарында MicrosoftPaint (графикалық редактор) - «Қыс» бағдарламасының көмегімен «Жыл мезгілдері» облыстық сырттай суреттер конкурсын өткізеді.

    Конкурстың мақсаты - оқушылардың жеке және шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау.

    Жұмыстарды қабылдау - 30 қаңтарға дейін, 2021 жылдың 20 ақпанына дейін қорытынды шығарылады.

    Конкурсқа MicrosoftPaint (графикалық редактор) бағдарламасының көмегімен жұмыстар ұсынылады.

    Қатысуға өтінім мен конкурстық жұмыстарды конкурстың Ережесіне сәйкес metod.info_kost.dar@inbox.ru e-mail поштаға жіберу қажет.

    Конкурсқа Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 2,3,4 сынып оқушылары қатыса алады.

    Байланыс телефоны: 8 (7142) 39-12-31.

    ПОЛОЖЕНИЕ Времена года 2021