ЭКОНОМИКА БОЙЫНША ТУРНИРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІ

    Экономика бойынша турнирдің облыстық кезеңінің

    БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

      «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 7 ақпанда 10-11 сынып оқушылары арасында экономика бойынша облыстық турнир өткізеді.

    Турнирдің мақсаты:

    • жоғары уәждемесі бар оқушыларды анықтау және қолдау,
    • қазіргі Қазақстан жағдайында жастардың қаржылық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау,
    • түрлі қаржы құрылымдарымен өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін беру, жастарды табысқа жетуге бағыттау;
    • республиканың жетекші жоғары оқу орындарында экономикалық мамандықтар бойынша оқуға мүмкіндік беру және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету үшін жағдай жасау.

    Негізгі міндеттер:

    • оқушылардың экономикалық білім негіздерін оқуға деген  қызығушылықтарын  арттыру, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету;
    • жаңа ақпараттық технологияларды және компьютерлік модельдеуді пайдалану саласындағы бағдарламалық дағдыларды дамыту;                       
    • серіктес-жоғары оқу орындарының экономикалық факультеттеріне тарту мақсатында оқушыларды кәсіптік өзін-өзі анықтауға бағыттау.

    Турнирге Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 10-11 сынып оқушылары қатысады.

    Турнир қатысушының қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

    Турнирдің облыстық кезеңі «Қостанай дарыны» ӨҒПО хатында көрсетілген мерзім бойынша аудандық/қалалық білім бөлімдерінің өтінімдеріне сәйкес бір турда өткізіледі.

    Байланыс телефоны: 8 (7142) 39-12-31