Ауылдық жерлерде тұратын жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары арасында «Құт мекенім - Қостанайым» атты авторлық өлеңдердің облыстық сырттай конкурс

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылдың 03-24 тамыз аралығында ауылдық жерлерде тұратын жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары арасында «Құт мекенім - Қостанайым» атты облыстық сырттай авторлық өлеңдер конкурсын өткізеді.

    Конкурстың негізгі мақсаты дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған өлкеге, кіші Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың патриоттық және азаматтық жауапкершілігін арттыру болып табылады.

    Конкурсқа қазақ, орыс тілдерінде бейнеролик форматында 20 жолдан кем емес авторлық өлең 2020 жылдың 10 тамызына дейін zhakibaeva@kostdaryn.kz  e-mail-на қабылданады.

    Конкурс үйлестірушісі: Жакибаева Сауле Куанышбаевна, тел. 8 (7142) 26-77- 09, 8-778-325-45-80.