Ауылдық жерлерде тұратын орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 8 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен облыстық қашықтық олимпиадасы туралы

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай 2020 жылғы 22 қыркүйек күні ауылдық жерлерде тұратын орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 8 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен облыстық қашықтық олимпиадасын өткізеді.

    Олимпиаданың негізгі мақсаты оқушылардың қазақ тілін тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру мен нығайту, ауыл оқушыларының зияткерлік әлеуетін ашу болып табылады.

    Олимпиадаға қатысуға өтінімдер 2020 жылғы 07-11 қыркүйек аралығында мына сілтеме https://docs.google.com/forms/d/1kczS4mU1V3hXHt1Gb0as6UuEuqbqKq8XSUPMdkxecQ0/edit бойынша қабылданады.      

    Олимпиада  үйлестірушісі: Каримова Актоты Олжабаевна, тел. 8 (7142) 26-77-09, 8-702-324-97-59.