Облыстық Әбіш оқулары

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 10 желтоқсанында облыстық Әбіш оқуларын өткізеді.

    Конкурстың мақсаты: Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуді насихаттау.

    Ережеге сәйкес конкурсқа Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

    Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі:

    - Үй тапсырмасы - Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша суреттер

    - Мәнерлеп оқу - Ә. Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу (проза және поэзия);

    - Шығармашылық жұмыс - Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерттеу жобасы;

    - Сахналық қойылым - Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша сахналық қойылым.

    Конкурсқа қатысуға өтінімді 2021 жылдың 6 желтоқсанынан кешіктірмей zaitinova@kostdaryn.kz e-mail поштаға жіберу қажет.

    Анықтама телефоны: 8(7142)391231.