6-11 сынып оқушылары арасында «Ясауитану» республикалық конкурсының облыстық кезеңін БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    Өткізу уақыты: 2020 жылғы 9 қыркүйек.

    Өткізу орны: Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 1.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Сөз – тілдің көркі» кіші жобасын іске асыру аясында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 9 қыркүйек күні жалпы білім беретін мектептердің және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасында «Ясауитану» республикалық конкурсының облыстық кезеңін (бұдан әрі – конкурс) өткізуді жоспарлауда.

    Конкурстың мақсаты: Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен ілімімен, «Әзірет Сұлтан» тарихи кешені аумағында жерленген орта ғасырлардың аса көрнекті тұлғаларының жұмыстарымен танысу, сондай-ақежелгі Түркістан қаласының тарихын және Әмір Темір дәуірінің құнды экспонаттарын насихаттау.

    Іріктеу кезеңіне қатысу үшін оқушылар Қ.А. Ясауидің 70 хикметін жатқа білуге, сонымен қатар ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдарды зерделеуге тиіс.

    Облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 3 үздік оқушы конкурстың қорытынды республикалық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.

    Шараны ұйымдастырушы: «Қостанай дарыны» ӨҒПО, дарынды балалармен ұйымдастыру-бұқаралық жұмыс бөлімі.

    Байланыс телефоны: 8(7142) 39-12-31.