«Жыр алыбы - Жамбыл» атты Республикалық конкурсының облыстық кезеңі

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.

    Конкурстың мақсаты мен міндеттері: Жамбыл Жабаев шығармаларын, ән өнерін насихаттау, баға жетпес мәдени мұраны сақтау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын тәрбиелеу, суырып салма (импровизаторлық) айтыс жанрын қолдау және дамыту, дарынды оқушыларды анықтау.

    Конкурсты өткізу күні - 2022 жылғы 20 қаңтар.

    Өтінім мен авторлық жұмыстарды 2022 жылдың 14 қаңтарынан кешіктірмей мына ergalieva@kostdaryn.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет.

    Конкурсқа 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

    Анықтама телефоны: 391231.