«Жыл мезгілдері» облыстық сырттай суреттер конкурсының «Жаз» 3 кезеңі

    Құрметті әріптестер! «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының Microsoft Paint (графикалық редактор) бағдарламасы көмегімен «Жыл мезгілдері» облыстық сырттай суреттер конкурсының «Жаз» 3 кезеңін (бұдан әрі – Конкурс) өткізіп жатқандығы туралы естеріңізге саламыз!

    Конкурстың мақсаты – оқушылардың жеке және шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау.

    Жұмыстарды қабылдау – 1 маусымнан бастап 10 тамызға дейін, қорытынды шығару - 2020 жылғы 28 тамызға дейін.

    Қатысу үшін өтінімді және конкурстық жұмыстарды Конкурс ережесіне сәйкес metod.info_kost.dar@inbox.ru электрондық мекенжайына жіберу қажет.

    Конкурсқа Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 2, 3, 4 сынып оқушылары қатыса алады.

    Анықтама телефоны 391231