«Жазғы демалыс үшін үздік идеялар» облыстық конкурсы

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылдың 27  және 31 шілде аралығында «Жазғы демалыс үшін үздік идеялар» облыстық конкурсын өткізеді.

    Конкурсқа Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлер, гимназиялар, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінің 5-10 сынып оқушылары қатыса алады.

    Конкурстың мақсаты Қазақстан халықтарының халық ауыз шығармашылығына деген қызығушылықтың өзектілігін дамыту, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру болып табылады.

    Конкурс міндеті:

    - өскелең ұрпақтың қоршаған әлем туралы білімдерін байыту;

    - балалар мен жасөспірімдер арасында халық ауыз әдебиетін және зияткерлік-шығармашылық қызметті танымал ету;

    - оқушылардың эмоциялық саласын дамыту;

    - адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу;

    - оқырман ой-өрісін кеңейту;

    - шығармашыл, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

    Конкурс қазақ және орыс тілдерінде мына номинациялар бойынша өткізіледі:

    1. «Квест-бродилка»
    2.  «Менің арманымдағы жазғы лагерь (бағдарлама)»
    3.  «Менің арманымдағы жазғы лагерь (макет)»

     Конкурс бір турдан, қашықтан, «Қостанай дарыны» ӨҒПО хатында көрсетілген мерзімдері бойынша Аудандық білім бөлімдерінен келіп түскен өтінімдерге сәйкес өткізіледі.

    Байланыс телефоны: 8 (7142) 39-12-04