«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» 2020

    ПРЕСС-РЕЛИЗ

    Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қазақ тілінен

     «Жарқын болашақ».

     

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 28 ақпан күні 7-11 сыныптар арасында қазақ тілі бойынша «Жарқын болашақ» Республикалық олимпиаданың обыстық кезеңін өткізеді.

    Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

    - мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту;

    - қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани құндылықтарын тарату;

    - оқушылардың шығармашылық және зерттеулік қабілеттерін дамыту;

    - оқушыларға қазақ тіліне, дәстүр мен тарихқа деген қызығушылықты баулу.

    Олимпиадаға оқыту тіліне қарамастан, Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, мамандырылған мектептердің 7-11 сынып оқушылары қатыса алады.

    «Жарқын болашақ» олимпиадасының Ережесіне сәйкес бес бағыт бойынша өтеді: «Бейнелеушілер», «Білгірлер бәйгесі», «Жас қаламгер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар».

    Облыстық кезеңге қатысуға өтінімді  2020 жылдың 6 ақпанынан кешіктірмей kostanaybil@mail.kz электрондық мекенжайына белгіленген форма бойынша  жіберу қажет. Әр номинацияға  екі қатысушыдан (бір қазақ ұлты, екінші қатысушы - басқа ұлт).  Әр өңірден 10 қатысушыдан.

    Анықтама телефоны: (8-714-2) 55-04-11– Раушан Қайыржанқызы Бексұлтанова, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты директорының  ҒӘЖ жөніндегі орынбасары.