«Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» атты балалар шығармашылық жұмыстарының облыстық конкурсы

    «Қостанай дарыны» ӨҒПО жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 14 желтоқсанында «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» атты балалар шығармашылық жұмыстарының конкурсын өткізеді.

    Конкурс міндеттерінің бірі: туған мемлекеттің тарихын, мәдениетін зерттеуге қызығушылықты дамыту болып табылады.

    Конкурс Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 2-8 сынып оқушылары үшін екі бағыт бойынша өткізіледі:

    - суреттер (2-4 сынып оқушылары үшін);

    - эссе (5-8 сынып оқушылары үшін).

    Қатысуға арналған өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды 2021 жылдың 6 желтоқсанына дейін ergalieva@kostdaryn.kz электрондық мекенжай бойынша  қабылданады. Суреттер Қостанай қаласы, Гашек көшесі 1, 5-кабинетте қабылданады.

    Қосымша ақпаратты 8 (7142) 39-12-31 телефон арқылы алуыңызға болады.