«Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсының БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

    «Қостанай дарыны» өңірлі ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 22 қыркүйек күні «Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы» - «ОҒҚ бейнесі: болашақ» облыстық (қашықтық) конкурсының 2 турын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.

    Конкурс қатысушылары болып Қостанай облысының дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының, аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің дарынды балалармен жұмыс жүргізетін жетекшілердің басшылығымен іске асырылатын, 1 турда ең жоғары ұпай жинаған оқушылардың мектептік ғылыми қоғамдары  болып табылады.

    Конкурстың негізгі мақсаты облыстың білім беру мектептерінің арасында оқушылардың ғылыми қоғам жұмысын ұйымдастырудың үздік тәжірибесін анықтау

    Конкурс міндеттері:

    - оқушылардың зерттеу тәртібі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту, білімді кеңейту және біріктіру, оқушыларды оқу-зерттеу қызметіне қатыстыру;

    - зерттеу қызметін жүргізе білуін дамыту, конференцияларда, түрлі деңгейдегі олимпиадаларда өз еңбегінің нәтижесін көрсете білу;   

    - дарынды балаларды қолдау мақсатында әлеуметтік әріптестікті кеңейту.

    Конкурс қазақ және орыс тілдерінде, қатысушылардың қалауы бойынша өткізіледі.  

    Байланыс телефоны: 8 (7142) 39-12-04