«Ұстаз – ұлы есім» атты екінші жинақ шықты

    Біздің сайттың қонақтарының, оқырмандардың назарына: Қазақстанның білім жүйесінің және отандық педагогиканың дамуына баға жетпес үлес қосқан қазақстандық көрнекті педагогтар туралы, сонымен қатар замандастарымыз – зияткерлік сайыстар жеңімпаздарын, әр түрлі жарыстар мен байқаулардың чемпиондарын, жүлдегерлерін, Отанымыздың патриоттарын тәрбиелеген біздің облыстың педагогтары жөнінде мақалалар кірген «Ұстаз – ұлы есім» атты  екінші жинақ шықты.

    Кітап – жинақ облысымыздың білім беру жүйесі тарихының, оның инновациялық дамуының бір бөлігі болып табылады.

    Екінші жинақтың электрондық нұсқасы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының www.kostdaryny.kz сайтында «Qostanai daryny.kz» журналы» бөлімінде орналасқан.